427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаңтарда жол апатынан 99 адам қаза тапты

  • 495
  • UPD: 10:07, 06.02.2020
Қаңтарда жол апатынан 99 адам қаза тапты

Елімізде 2020 жылдың алғашқы айында жол апатынан 99 адам көз жұмды, деп хабарлады finprom.kz.

Қаңтар айында Қазақстанда 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғалар салдарынан 1,3 мың адам зардап шегіп, олардың ішінде 99 адам қаза тапты.

Жыл басынан бері жол апаттары көп болған өңірлерге тоқталатын болсақ, Алматыда 259, Алматы облысында 119 және Шығыс Қазақстан облысында 80 жол оқиғасы тіркелген.

Ал 2019 жылы Қазақстанда 16,6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы