376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық волонтерлер «Біз біргеміз» акциясына үн қосуда

  • 267
  • UPD: 16:57, 06.02.2020
Қарағандылық волонтерлер «Біз біргеміз» акциясына үн қосуда

Еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан «Біз біргеміз» шарасына қарағандылық волонтерлер да үн қосуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы олар жалғызбасты ана Екатерина Дроенконың үйіне барар жолды қардан аршыды. Зейнеткер әйел ауласын өз күшімен тазалап алған. Бірақ қалың қар жолды жауып, үйіне жедел жәрдем, газ таситын көлік өте алмай қалыпты. Содан кейін өтінішін айтып, волонтерлерден көмек сұраған. Жалпы қазір Қарағанды облысы бойынша 3 мыңнан астам волонтер бар. Олар он шақты күн ішінде 300-ге жуық ауланы ақ ұлпадан аршып, мұқтаж жандарға қолғабыс жасаған.

Екатерина Дроенко, қала тұрғыны:

Ауладан шығаберістегі жолды түгел қар басып қалды. Жедел жәрдем шақыртсақ, газға тапсырыс берсек, бері өте алмайды. Қатты қиналдық. Келіп, көмек беріп жатқан барша жастарға алғысымыз шексіз.

Сержан Шайхымов, волонтер:

Осындай ата-әжелеріміздің ауласын қардан тазалауға көмектесеміз. Осы екі апта ішінде біздің ұйым ғана 12 ата-әжемізге барып, ауласын тазалап бердік. Бізден де басқа волонтерлер ұйымы бар. Олар да осылай үлкен жұмыстар атқарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы