420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы ең кәрі терекке тарихи-мәдени нысан мәртебесі берілуі мүмкін

  • 458
  • UPD: 16:56, 06.02.2020
Елордадағы ең кәрі терекке тарихи-мәдени нысан мәртебесі берілуі мүмкін

Терекке тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесі берілсін! Елордада ең кәрі ағашты тапқан тұрғындар осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі терек бас шаһардың құрылысынан бұрын саяси дәуірлердің ауысуының куәсі болған. Елорданың ең кәрі ағашына неше жыл?

Бұл терек – астананың ең ескі ағашы. Түрлі деректер бойынша оның жасы 120 жылдан асады. Сәулетші Теміртас Ысқақовтың айтуынша, ол Есіл саябағының іргесі қаланғанда, шамамен ХІХ ғасырдың соңында отырғызылған.

Теміртас Ысқақов, сәулетші:

- Түрлі жазбаларға сенсек, Есіл өзені маңындағы саябақтың іргетасын қалауға Троицкий есімді Ақмола бекінісінің комендантынан бөлек, қала интеллегенциясы да қатысқан. Атап айтқанда, Қалиолла Нығматуллин, Путилов есімді дәрі сатушы және дәрігер Чигловский. Бірақ бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.

Салыстырып қарасақ, бұл терек жанындағы ағаштардан еке есе ұзын әрі жуан. Теректің терең тарихы жайлы 1958 жылы жасалған суреттерден-ақ байқауға болады. Кәрі ағаш сол кездің өзінде көптеген кездесулердің куәсі болған. Теміртас Ысқақов өз әріптестерімен бірге терекке қатысты дарихи деректерді жинауға кіріскен. Жас сәулетшілер қолда бар ақпараттан қысқаметражды фильм де дайындап үлгерген. Бұл туындыны Кубрин көпестің тарихи үйінен де көруге болады.

Теміртас Ысқақов, сәулетші:

Биік қоршау ағаштың ең маңызды жерін жасырып тұр. Қоршау болмаса, адамдар теректің екі қолмен ұстауға келмейтін қалың діңін бірден байқайтын еді.

Соңғы жылдары кәрі терек қоршаудың ар жағында қалды. Қазір оның жанында суретке түсу түгілі, ұстаудың өзі мүмкін емес. Сондықтан қала тұрғындары терекке жергілкті маңызы бар тарихи-мәдени нысан мәртебесі берілгенін қалайды. Бұған қол жеткізу өте қиын. Дегенмен тұрғындар мақсатымызға жетеміз деген үмітте.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Аят Дүйсенбаев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы