381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды

  • 218
  • UPD: 16:55, 06.02.2020
Өскеменде жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды

Сот үкімі бойынша 38 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 385-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 75 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Өткен жылдың қыркүйек айында айыпталушы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде «Қаржы және несие» мамандығын бітіргендігі туралы жалған дипломмен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа тұрмақ болды. Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Анықталғандай, сотталушы жалған дипломды 2005 жылы жасатқан», – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі. 

Хабар 24 телеарнасы