375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда волонтерлер академиясы ашылды

  • 108
  • UPD: 16:38, 06.02.2020
Оралда волонтерлер академиясы ашылды

Оралда мектептен тыс жұмыс орталығының жанынан волонтерлер академиясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, түрлі деңгейдегі интеллектуалдық олимпиадалар мен техникалық байқаулардың жеңімпаздары мүше боп қабылданды. Оқушылар аптасына үш рет жаңа орталыққа жиналып, шешендік өнердің қыр-сырына қанығып, шет тілдерін меңгермек, қолөнерге жаттықпақ. Кейін жас дарындар өз үйренгендерін сыныптастарымен бөліседі.

«Мұның барлығы еріктілер қозғалысының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді», - дейді мамандар. Сондай-ақ жас еріктілер түрлі əлеуметтік мекемелерге барып, қиын жағдайларға тап болған жандарға жəрдемдесуді жоспарлап отыр.

Мақсот Еламан, оқушы:

Волонтерлік клубта көптеген қалалық, облыстық деңгейдегі шараларға қатысамыз. Соның ішінде осындай ҰОС ардагерлеріне көмектесеміз үйлеріне барып. Волонтер деген ол еркіндік. Басқа адамдарға жақсылық жасау. Өзгеге жасаған жақсылығың өзіңе жақсылық дегендей, сол барлығына қуаныш, жақсылық беру.

Шаттық Өтебәлиева, мектептен тыс жұмыс орталығының директоры:

- Бұл волонтерлер академиясында білім алған еріктілеріміз, біріншіден, өздерін өздері таниды. Тәлімгер ретінде, жанындағы адамға қамқоршы ретінде. Сонымен қатар қоғамдық жұмысқа, белсене қатыса отырып, болашақтағы орнын табады. Бұл еріктілер академиясының бірден-бір беретін жақсылығы осы.

Хабар 24 телеарнасы