435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттады

  • 241
  • UPD: 19:42, 06.02.2020

Жаңа жылдан бастап елордада коммуналдық қызметтердің тарифі қымбаттады. Атап айтсақ, тұрғындар енді жылу үшін 5, су үшін 10, ал электр энергиясы үшін бұрынғыдан 10 процент көп төлейді. Бұл туралы бүгін әкімдік ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Бағаның өзгеруіне не себеп болды?

Бас қала тұрғындарына коммуналдық қызметтерді базалық табиғи монополиялар субъекттері ұсынады. Олар «Астана-Жылутранзит», «Астанаэнергосбыт», «Астана-АЭК»  және «Астана су арнасы». Міне осы кәсіпорындар үшін 2015 жылы шекті тарифтер заңмен бекітілді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы биылдан бастап бағаның қалай өзгергенін айтып берді. 

Болат Танабергенов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы:

- Жылумен қамтамасыз ететін «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтері орташа өтімді тарифі 2920 теңге, өсуі 7,9 пайыз. Соның ішінде халық үшін  5 пайыз өседі су қызметі бойынша халыққа 34 тг, 86 тиын. Ол қолданыстағы тарифтен 10 пайызға өседі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа тариф 14 тг, 10 тиын, қосылған құн салықсыз. Халыққа 10 пайыз өсу.

Бүгінгі жиынға аталған субьекттердің өкілдері де қатысты. Мәселен, энергия таратумен айналысатын «Астана АЭК» акционерлік қоғамы басшыларының бірі «компания жылына 20-дан 40 миллион теңгеге дейін таза пайда табады» дейді. Биыл тарифтік құжаттамаға сай 36 миллион түседі деп жоспарланып отыр. Толығымен әкімдікке қарасты болса да, кіріс ұйымның өзінде қалады. Тіпті, былтырғы түсімнің өзі ешқайда жұмсалмапты. Алайда компания төрағасының орынбасары дәл қазір қанша ақша бары, әрі тарифтің неге қымбаттап жатқаны жайлы сұраққа жауап бермеді. 

Әлібек Тәшкеев, «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Здесь надо проконсультироваться с юристом. Могу ли я давать такую информацию 

Осы тұста жиынды жүргізіп отырған әкімдік өкілі коммуналдық мекемелерге өткен жылдардың есебін сайтқа жариялауды тапсырды. Жалпы, аталған компаниялардың тарифке қатысты ұстанымдары ұқсас. Яғни негізінен қызметкерлердің жалақысын көтеру, кәсіпорынды жаңарту мен инвестициялық міндеттемелермен байланыстырады. Қалай болғанда да жаңа баға белгіленді. Ал тұрғындар болса бұл өзгерісті бірден байқағандарын айтады. 

- Конечно выросло... 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ерзат Зайытхан

Хабар 24 телеарнасы