425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерін аралау жұмысы қорытындыланды

  • 823
  • UPD: 20:38, 06.02.2020

«Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері еліміздің 200 елді мекенін аралап, 1300-ден астам білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын тексеріп шықты.

Жұмыс нәтижелері партиялық тыңдауда талқыланды. Жиында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек отбасын қолдау және балалар құқығын қорғау партияның ұдайы назарында болатынын алға тартты. 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл бағыттағы жұмыстар елімізде тәуелсіздік алғаннан бастап жүргізіліп келеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойды. Конвенцияны іске асыру бірнеше ұрпақ өміріндегі оң өзгерістерге ықпал етті. Нәтижесінде балалар өлімі бес еседен астам төмендеді. Білім берумен, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен қамту соңғы 5 жылда 13,6%-ке ұлғайып, 95,2%-ті құрады. 

«Бақытты отбасы» ұлттық жобасы Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Жоба аясында балалар үйінің 1 мыңнан аса түлегі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2 мың жетім балаға білім беру жинақтау салымы ашылды, қиын жағдайдағы 270 мыңға жуық отбасыға құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Мен сіздердің назарларыңызға 1-2 мәселені айтайын. Былтырдың өзінде 900 мыңға жуық ана мен баланы қолдау 370 млрд жуық қаражат жұмсалды. 315 мың отбасы оның ішінде 1 млн балаға АӘК төлеу үшін 245 млрд жуық теңге жұмсалды.

Хабар 24 телеарнасы