379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан келген 80 адам ауруханадан шығарылды

  • 169
  • UPD: 21:34, 06.02.2020

ҚР денсаулық сақтау министірлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп осылай хабарлады. Қазірге дейін Қазақстанға Қытайдан келген 110 адам дене қызуы және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын.

Ресми өкілдің айтуынша, науқастар тексеруден өткізіліп, тұрақты бақылауда және жағдайлары жақсы. Коронавирус инфекциясы ешбірінен анықталған жоқ.  Осы орайда денсаулық сақтау министірлігі халыққа коронавирус туралы жалған ақпарат таратпауға және қауесетке сенбеуге шақырды.  

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің ресми өкілі:

- Өткен тәуліктерде Сингапур,Канада,Үндістан азаматтары коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алынды. Австралия,АҚШ және оңтүстік Африка республикасы қауесетке қарсы саясатты қатаңдатуға уәде берді. Осындай өтірікпен қорқыныш тудыру індетін тоқтату үшін әрбір парасатты Қазақстандық ешқашан коронавирус туралы қорқынышты қауесетті ватсап пен фэйсбукке жібермеңіз ,өйткені бұл әркез жалғандықтан құрылады.

Хабар 24 телеарнасы