427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде медициналық масканың бағасы тұрақталды

  • 556
  • UPD: 21:36, 06.02.2020
Ақтөбеде медициналық масканың бағасы тұрақталды

Ақтөбе облысында медициналық маскалардың бағасы тұрақталды. Бұған облыс әкімдігі мен фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында бекітілген меморандум нәтижесінде қол жеткізілді.

Үш жақты келісімге сәйкес, бетперденің көтерме саудадағы бағасы 15 ал, бөлшек саудада 30 теңге болып белгіленді. Айта кетейік, бұған дейін медициналық маскаларды адамдардың көптеп сатып алуынан қаладағы кейбір дәріханалардан табу қиынға соққан еді. Бұны мамандар эпидемиологиялық маусыммен байланыстырады. Дегенмен, облыста тапшылық жоқ дейді. Бүгінде көтерме қоймаларында 138 мың дана сақталса, бөлшек сауда айналымында 73 мыңы бар көрінеді. Қажет болса, елдің өзге өңірлерінен алдыруға толық мүмкіндік бар.  

Сәбит Іскендиров, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бд  басшысының орынбасары:

- Бұл медициналық бұйымның бағасын Үкімет қадағаламайды. Ол нарықтық қатынаста. Сондықтан да, бүгінгі күнгі бағаны осындай меморандум арқылы біз ұстап тұрмыз, келісім арқылы. Ал егер де тағы да қосымша облысқа көлемдер болып жатса олардың бағасын тағы да меморандум арқылы бақылауға мүмкіншілік болады ғой деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы