443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО: жер телімдері заңсыз кепілге қойылған

  • 190
  • UPD: 22:23, 06.02.2020
СҚО: жер телімдері заңсыз кепілге қойылған

Солтүстік Қазақстан облысында «Жарқын СК» серіктестігінің құрылтайшылары пайшылардың 42 мың гектар жерін олардың келісімінсіз кепілдікке қойып, сатып жібермек болған.

Айыртау ауданының бес бірдей елді-мекенінде тұратын 883 азаматқа тиесілі бұл учаскелер мемлекеттік қаржы институттарының бірінде 500 миллион теңгеден астам қаржыға бағаланған. Мұнымен қоса, аталмыш компанияның өз қызметкерлері алдында 33 миллион теңгеден астам жалақы берешегі бар екендігі анықталды. Бұл ретте іске прокурорлар араласуының нәтижесінде компанияға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл деректерге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Асхат Амитов, облыстық прокуратура бөлімінің аға прокуроры:

- Қазіргі уақытта сауда-саттық жүргізу рәсімі тоқтатылды. Серіктестікке қатысты жер учаскелерін заңсыз кепілге салу фактісі бойынша Айыртау ауданы прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы