447,60 487,00 5.70

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы 33 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

  • 189
Ақтөбе облысындағы 33 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

Бұл аймақтарда 12 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті мамандары топан судан келетін апаттың алдын алуға бағытталған жұмыстарға кірісіп кетті. Бұған дейін де кешенді жоспар құрылып, қауіпті аймақ саналып келген 10 елді мекенде қосымша қорған орнатылған. Атап айтқанда, өзен-көлдердің табаны тазартылып, жағалары бекітілді. Су бұру каналдары салынған. Дегенмен көктемгі науқанда қиын жағдайға тап болғандарға 2 мыңға жуық құтқарушы көмекке келуге әзір. 500-ге жуық арнайы техника дайындалды. Мамандардың айтуынша, тұрғындар да осы аптадан кешіктірмей дайындық жұмыстарына кіріскені дұрыс.

Құмар Тұрмағамбетов, облыстық ТЖД басқармасы басшысының орынбасары:

– Тұрғындар аулаларынан қарды шығару шараларын бастаса екен. Ақпан айының 15-20-нан бастап көшелердің барлығынан қар шығарылады. 

Хабар 24 телеарнасы