375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі 35 жол учаскесінде қозғалыс шектелді

  • 81
Еліміздегі 35 жол учаскесінде қозғалыс шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес өңірінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы облыстарындағы 11 учаске жабық тұр. Оның жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрайды. Бұл – республикалық автожолдардың шамамен 5 проценті. Бұған қоса, аймақтық маңызы бар 24  жол аралығында қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазір жолдарды қалпына келтіру үшін 740 техника жұмыс жасап жатыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жол ережесін бұзбау, жылдамдықты асырмау және қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына бей-жай қарамауға кеңес береді.

Нұржан Жақатаев, республикалық жедел штабтың бас маманы:

– Төтенше жағдайлар комитетінде және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазастан облыстары ТЖД жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Шұғыл желі жұмыс істейді. Біздің берген ұсынысымызды орындауды және елді мекеннен тыс жерлерге шықпауларыңызды сұраймыз. Егер шұғыл көмек қажет болған жағдайда 112 телефонына немесе 53-72-39, 53-32-84 телефондарына хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы