423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да қызметте көтермелеу үшін 200 мың теңге пара талап еткен басшы ұсталды

  • 505
БҚО-да қызметте көтермелеу үшін 200 мың теңге пара талап еткен басшы ұсталды

Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өткен жылы 138 қылмыстық оқиғаны әшкерелеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 44 проценті парақорлықпен байланысты. Сотқа жолданған 100 қылмыстық іс бойынша 32 адам сотталды. Өндірілген айыппұлдың жалпы көлемі – 35 миллион теңге. Пара алып, пайдаға кенелмек болғандардың дені жергілікті атқарушы орган қызметкерлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша түрлі шаралар өткізіп келеді. Мәселен, былтыр бір ғана облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерімен 18 мәрте осы мақсатта кездесу өтіпті. Өкінішке қарай, нақты өмірдегі жағдай басқаша болып отыр. Кеше ғана осы департаменттің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталып, абақтыға қамалды.

Нұрдәулет Сәмет, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Сотқа дейінгі тергеу-тексеруге негіз болған ол жаңағы пара берген азаматтың арызы болып келеді. Пара екі әдіспен берілді, қолма-қол және каспи-голд карточкасына аудару арқылы. Қазіргі таңда күдікті Орал қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына ҚР ҚК-нің 128 бабына сәйкес қамауда отыр.

Хабар 24 телеарнасы