443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің 500-ге жуығы бейнебақылау жүйесіне қосылған

  • 128
Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің 500-ге жуығы бейнебақылау жүйесіне қосылған

Өскеменде ұрлық деректерінің саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айының өзінде бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 37 процентке кеміген. Ал көшедегі қылмыс деңгейі жарты есеге жуық азайды. Мұның барлығы шаһарда қауіпсіздікті сақтауға арналған заманауи жүйенің тиімді қолданылуынан дейді сала өкілдері.

Айта кеткен жөн, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 500-ге жуығы бейнебақылау жүйесіне қосылған. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 3 900 «Сергек» бейнекамералары орнатылған. Осылайша әрбір аула мен көшелер, жол үстіндегі қозғалыс полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында. Өйткені әп-сәтте ақпарат беретін бейнекамералар тәртіп сақшыларына қылмыскердің әрекетін жедел әшкерелеуге мүмкіндік береді.

Дәуір Ибраев, қалалық полиция басқармасының басшысы:

– Біз тек қоғамдық орындарды ғана емес, үй аулаларының да тұрғындар үшін қауіпсіз болуын ерекше қадағалаймыз. Яғни патрульдік полиция қызметкерлері жетіп үлгермейтін, алыс учаскелерді де назарда ұстаймыз. Осының барлығы бүгінгі күні қауіпсіздікті сақтау деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын көрсетеді. Оған біздің көрсеткіштер де дәлел бола алады.

Хабар 24 телеарнасы