375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да киікті заңсыз аулауға қатысты 7 іс қозғалды

  • 75
БҚО-да киікті заңсыз аулауға қатысты 7 іс қозғалды

Сайын даланың сәні саналатын ақбөкендерді аяусыз қырып, оңай олжа іздеушілер азаймай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында мүйізі кесілген тағы 45 киік өлексесі табылды. Бұл – жыл басынан бері жануарларды заңсыз аулауға қатысты жетінші факті. Осының алдында 71 атылған киік анықталған еді. Еліміздегі бөкендердің басым бөлігі бүгінде Еділ-Жайық арасын мекен етеді. Дәл қазір Орал өңірінде 280 мыңдай жануар бар. «Охотзоопром» қызметкерлері киіктің осы негізгі бөлігін қорғаумен айналысады, ал 100-200-ден бөлініп кеткен бөкендер көбіне қараусыз қалып жатады дейді мамандар. Қазір облысқа көмекке Алматыдан 2 арнайы топ техникасымен келіпті. Бірақ ол да киіктерді қорғау жұмысын түбегейлі шешеріне сену қиын.

Хабар 24 телеарнасы