443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі халықаралық әуежай енді аптасына 180 рейс қабылдайды

  • 208
Өскемендегі халықаралық әуежай енді аптасына 180 рейс қабылдайды

Биылдан бастап Өскемен халықаралық әуежайының әлеуеті артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді онда үлкен Boieng ұшақтарын да қабылдайтын болады. Ол үшін әуежай толық техникалық жабдықтаудан өтеді. Бұл жұмыстар алдағы бір-екі айда басталады. Ұшып-қону жолағына жаңа стандартқа сай жарық қойылып, қосымша жағармай сақтау қоймасы салынады. Сондай-ақ әуежайда жаңадан тағы екі бақылау-өткізу бекеті жасалады. Жалпы осы жұмыстарды атқару үшін республикалық бюджеттен 10 миллиардқа жуық теңге бөлінді.

Ернар Мұстафин, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Әуежай жаңартылған соң ұшақтарға қосымша қызмет көрсету үшін арнайы тұрақтар да болады. Нәтижесінде тек ел ішіндегі рейстер ғана емес, халықаралық бағыттар бойынша да қызмет көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы