426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құтқарушылар ауырып қалған 3 жасар балаға көмек көрсетті

  • 417
  • UPD: 19:40, 07.02.2020
СҚО-да құтқарушылар ауырып қалған 3 жасар балаға көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар ауырып қалған балаға дер кезінде көмекке келді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Айтуар ауылы бораннан қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы бүгін таңғы 4 жарым шамасында «101» - ге қоңырау түсіп, төтенше жағдай қызметкерлері мен кезекші дәрігер жол талғамайтын көлікпен ауылға аттанған. Қалың қар басқан жол арнайы техникамен ашылып, ауруы асқынып кеткен кішкентай науқас аудандық ауруханаға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, бүгін-ертең күн райы тағы да бұзылып, боран соғуы мүмкін. Осыған байланысты дабылды ескерту жарияланып, тұрғындарға жолға шықпауға кеңес берілді.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары

– 7 ақпан және ертең, 8 ақпан күндері облыс аумағында қар қалың жаууы күтілуде. Сонымен қатар желдің жылдамдығы 15 – 25 метр секундқа дейін болады. Ал кей жерлерде боранды болып, метріне 27 – 28 жылдамдықпен жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы