376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рұқсатсыз балық аулаған 41 адам қылмыстық жазаға тартылды

  • 125
  • UPD: 21:00, 07.02.2020

Былтыр елде балықты заңсыз аулаудың 6600-ден аса дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

5300-дей адам әкімшілік, 41 азамат қылмыстық жазаға тартылды. Талай рет ескертілсе де, балықты рұқсатсыз аулап жүргендер тиылмай тұр. Бүгін де тұтылды.

Рейд. Елордадан он шақырым жерге кеттік. Дала боран. Күннің қолайсыздығынан адамдар балыққа шықпаған болар деп едік. Шығыпты. Көпірдің маңына көліктерін қойып, Есілде қаннен қаперсіз жүрген бірнеше балықшыны көрдік. Бізді байқады кейбірі. Басқалары ұсталды. Заңсыз жүргендері үшін балық емес, айыппұл арқалап кетті.

Бұл азаматқа неге хаттама толтырылды? Себебі көпірдің қасында балық аулаған. Бұл дұрыс емес, қаперіңізде болғай!

Қорған Төреқожа, тілші:

– Көпірден 500 метр қашықтықта балық аулауға болмайды. Тиым салынған. Ал мұндай әрекетке барған адамдарға 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Балықты мүлдем аулауға болмайды емес. Рұқсат. Тек бірнеше ережесі бар. Мәселен, бір адам бес келіге дейін ғана балық ұстай алады. Онда да арнайы жолдамасы болуы шарт. Ал балығы 5 келіден асып кетсе, артығы тәркіленеді. Балықшыға айыппұл салынады. Одан бөлек...

Мұхит Рамазанов, Ақмола облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Одан бөлек жаңағы бекітіліп берген су айдындары бар ғой. Адамдар жаңағы су айдындарын пайдаланушылар сол жерлерге рұқсат қағазсыз баруға болмайды. Жолдама алмай балық аулауға тиым салынған. Әйтпесе, ол заң бұзушылыққа жатады. Оған да 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Балық аулауға тыйым салынған құралдар бар. Мысалы, халық арасында аталып кеткен «Қытай торымен» және электрлі қармақпен балыққа шығуға болмайды. Бұл, тіпті, қылмыстық әрекет саналады. Былтыр аталған құралдармен балық аулаған яки, ауламақшы болған 40 шақты адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы