422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда қонақ үй жетіспейді

  • 537
  • UPD: 22:14, 07.02.2020
Түркістанда қонақ үй жетіспейді

Биыл Түркістанға миллионнан аса турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бірақ олардың барлығына талапқа сай қызмет көрсететін дәмханалар мен қонақ үйлер жетіспеуі мүмкін. Бүгінде шаһарда бар болғаны 35 қонақ үй мен хостел бар. Олардың 8-і ғана халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Қонақ үйлердің ең арзаны 1 күнге 6 мен 15 мыңның аралығында. Бағасы 50-60 мыңдық қымбат қонақ үйлер де бар. Мамандардың айтуынша, келушілердің көптігіне байланысты бұл баға аса қымбат емес. Алдағы уақытта облыс орталығында 5 жұлдызды үлкен қонақ үй пайдалануға берілмек. Қазір жаңа кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қонақжай 120 бөлмеден тұрады. Онда бизнес-орталық, кинотеатр, конференция залы және бірнеше мейрамханалар орналасады.

Сухраб Бабаев, турист /Өзбекстан/:

– Мен Түркістанға алғаш рет келіп тұрмын. Өзбекстанның Бұхара қаласынан келдім. Қазір қыс мезгілі болғандықтан саяхатшылардың саны аз. Естуімше, жазда кісі қарасы көп болады екен. Қонақ үйге жайғастым, бағасы бізбен салыстырғанда, сәл қымбаттау көрінді. Бірақ ақшасына қарай сапасы көңілден шықты. Қасиетті жерлерді араласам деп ниеттеніп отырмын.

Мұрат Халилаев, туристік ақпараттық орталық өкілі:

– Түркістанға келетін туристерді жатын орынмен қамту үшін 100 қонақ үй керек. Сол кезде мұнда келетін меймандар ағымын толық қамтамасыз етеміз. Жылына миллион немесе одан да көп саяхатшы мен зияратшы келеді деп айтып отырмыз. Олар 1 сағатқа келмейді, кемі 1 күн қонады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсартуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы