426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы бастау алды

  • 691
Алматы облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы бастау алды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Алматы облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Шамалғанда өтті. Экспедиция барысында өңір өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен қоғам белсенділері, тарихшы-өлкетанушылар мен белсенді жастар аудандағы бірқатар тарихи-мәдени нысандарды аралайды. Атап айтқанда, «Атамекен» орталығын, «Анаға құрмет» мұражайын, «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніне барып «Бірлік пен келісім» атты өнегелік сабақтар өткізіледі. Экспедициясы аясында Елбасы еңбек еткен Теміртау, Жезқазған қалалары мен шетелдің бірқатар елдеріне сапар жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы