427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жыл басталғалы электр қуатының бағасы 4,6 % өскен

  • 580
  • UPD: 09:28, 09.02.2020
Алматыда жыл басталғалы электр қуатының бағасы 4,6 % өскен

Алматыда қаңтар айынан бастап электр қуатының бағасы 4,6 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Болат Самбетов хабарлады. Бұрын электр қуатының бағасы 16 теңге 36 тиын болса, енді ол 17 теңге 12 тиынға жетті. «Тариф бағасының өсуі электр қуатын өндіретін, жеткізетін мекемелердің шығындарымен байланысты», – дейді департамент өкілі. Ал басқа коммуналдық қызмет тарифтері керісінше, төмендеген. Мәселен, Алматыда 1 ақпаннан бастап тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тарифі 4 пайызға төмендеді. «Бұл – жүктемені бюджеттік ұйымдарға және заңды тұлғаларға қайта бөлу арқасында мүмкін болып отыр», – дейді мамандар. Сондай-ақ, газдың бағасы 29 теңге 63 тиыннан 29 теңге 44 тиынға арзандаған.

Ардақ Жаңабаева, табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

– Электр энегрияны өндіргеннен кейін оны беретін мекемелер болады, сол беретін мекемелердің бағалары өсіп отыр. Солардың барлығын қосқанда бұл 4,6 пайызға көтеріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы