381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев Қордай ауданындағы ауылдардың қауіпсіздігін тексерді

  • 190
  • UPD: 09:18, 09.02.2020
Б.Сапарбаев Қордай ауданындағы ауылдардың қауіпсіздігін тексерді

Түнде премьер-министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың қауіпсіздігін тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масаншы, Қаракемер және Қарасу елді мекендерін аралап шықты. Сонымен қатар ол  Қарасу мен Сортөбедегі шекара бекеттері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын қадағалады. Сондай-ақ ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тілдесті. Нұр-Сұлтаннан барған үкіметтік комиссия жергілікті жердегі жағдайды бақылау үшін Қордай ауданында болады.

Хабар 24 телеарнасы