432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда волонтерлер «Жедел әрекет ету» орталығының мамандарына қолғабыс етіп жүр

  • 537
  • UPD: 15:27, 09.02.2020
Атырауда волонтерлер «Жедел әрекет ету» орталығының мамандарына қолғабыс етіп жүр

Атыраулық еріктілер «Жедел әрекет ету» орталығына көмекке келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халел Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері «жедел жәрдем», полиция және төтенше жағдайлар қызметі топтасқан орталық мамандарына ағылшын тілін үйретуге кірісті.  Орталықта 15 диспетчер және екі үйлестіруші тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда күніне 700-ге жуық қоңырау түседі екен. Мұнайлы өңірде 500-ден астам шетелдік және бірлескен компания бар. Ал ерікті студенттер сабақтан тыс уақытта шетелдіктердің өтініштерін қабылдап, сауалдарына ағылшын тілінде жауап береді. Жалпы, атыраулық еріктілер 7 бағыт бойынша бағдарлама жасақтап, іске кірісті.

Сайрагүл Тұржанова, еріктілер тобының жетекшісі:

– Өңіріміз өндірісті орталық болғандықтан шетелдік азаматтар көп шоғырланған. Сол мақсатта олардан қоңырау түскен уақытта байланыс орнату үшін тіл үйрету курстарын жүргізуді жоспарлап отыр және ол жоспар бүгін де жүзеге асуда. Болашақта журналистика мамандығына оқып жатқан студенттеріміз де осы диспечерлік орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізумен айналыспақшы.

Хабар 24 телеарнасы