421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік апатына түскен жігіт кәсіпкер атанып, өзгелерге көмек қолын созып жүр

  • 465
  • UPD: 15:36, 09.02.2020

Біздің қоғам мүгедектерге «мүмкіндігі шектеулі жан» деп қарайды. Ал олар өздерінің шексіз мүмкіндікке ие екенін талай рет дәлелдеп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өздері кемтар болса да, дөңгелетіп отырған кәсібі бар. Күні кеше Президент әлеуметтік бизнеске қолдау көрсету керектігін айтқаны белгілі. Бұл олар үшін жағымды жаңалық болды.

Оны Алматы облысы ғана емес тұтас Қазақстан таниды. Аты-жөні «100 жаңа есімнің» қатарында жүр. Әрине, еңбектің арқасы. Көлік апатына түскен жігіт қазір қарыс қадам аттауы қиын болса да, қарап отырған жоқ. Мүгедектерді сауықтыруға арналған орталық ашып, талай адамның сауабын алып жүр.

Елдос Баялышбаев, спорттық сауықтыру орталығының директоры:

– Ауырмасам, мен мүмкін басқа бағытпен жүруші едім.Бірақ осы осы бағыт өте маңызды және адамдарға өте қажет. Талдықорғанға не жетіспейді, қандай реабилитация жетіспейді дегенді түсіндік. Өзімнің осындай бағытта жұмыс істеп жатқаныма өте қуаныштымын.

Алты жыл ішінде Елдостың орталығында 600 адам ем қабылдаған. Арбаға таңылған 80 жан аяғына тік тұрып кетті. Тағы 200-дейі өзі отырып-тұра алатын халге жеткен. Қазір ол емдеу кешенін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол кезде қарамағындағы қызметкерлері де, емделушілері де еселене түспек.  Петропавлдан келген Азамат алты ай бойы осы жерде ем қабылдап жүр. Оның да таудай арманы бар. Алдымен аяққа тұрсам дейді, сосын...

Азамат Оспанов, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Елдосқа қарап, үлгі алып басқа адамдарға көмектесейін деп жатырмын. Мотивация беріп, мүмкін,  Петропавалға қайтып, сондай орталық ашсам.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жалдамалы жұмысқа қарап отырмай, өз ісін бастауына қол ұшын созу біздегі стратегиялық міндеттің бірі саналады. Сондықтан, мұндай жандарды қолдауға билік қашан да дайын.

Хабар 24 телеарнасы