429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде туристерге қызмет көрсету саласының сапасы артады

  • 423
  • UPD: 18:43, 09.02.2020
Ақтөбеде туристерге қызмет көрсету саласының сапасы артады

Жыл өткен сайын Ақтөбе облысына келуші туристердің саны артып келеді. Меймандардың көбеюіне байланысты өңірде оларды күтіп алушы жүзден аса орын бар.

Оның 65 проценті қонақ үйлер болса, қалғандары кемпинг және туристік базалар. Былтыр мұндай нысандарда жүз мыңнан астам адам қонақтап, өңірдің тұмса табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштерін аралаған. Кейбір қонақ үйлер көрсететін қызмет сапасын европалық деңгейге жеткізуді қолға алып отыр. Себебі өңірге Ресей, Германия, АҚШ елдерінен келуші меймандардың да саны артуда. Ал сервисі тиісті стандартқа сәйкес келмейтін орындардың қызметкерлеріне арнап, биыл кезекті семинар өткізу жоспарланған. 

Жанна Баймұхамбетова, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

- Бизнес семинары қонақ үйден өзге, мейрамхана қызметін де үздік етуге бағытталады. Бұдан мейман күтуші кәсіпкерлік нысандарының ұтар тұсы көп. Бүгінде өңірдің 6 ауданында қонақ қабылдайтын үй-жайлар да жұмыс істеп тұр. Сондықтан туристерге көрсетілетін қызмет түрін одан әрі жетілдіру мақсатында түрлі жобаларды іске асырамыз. Тек биылдың өзінде қала бойынша соңғы үлгідегі екі қонақ үй ашылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы