376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Масанчи елді мекеніндегі оқиғадан кейін үй тонау дерегі тіркелмеген

  • 195
  • UPD: 19:36, 09.02.2020

Қордай ауданындағы бүлінген үй, зақым келген ғимарат және сауда орындарының шығыны есептеліп жатыр. Арнайы комиссия екі күннен бері бірнеше ауылды аралап, жөндеуді қажет ететін 60-тан астам нысан, 40-тан астам өртеніп кеткен көлікті анықтады. Олардың құны өтеледі.

Қандай тың ақпарат бар?

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қазір үкіметтік комиссия мүшелері қақтығыс болған ауылдарға барып, тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жұрттың пікір, ұсыныстары тыңдалуда. Қордай ауданында жарияланған техногенді сипаттағы төтенше жағдай әлі алынып тасталған жоқ. Құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, әкімдік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Айта кеткен жөн, қазір жағдай тұрақталған. Жұрт естерін жинап, үйлерінің маңайын жинастырып тазартуда. Қазір жедел штаб жұмыс істеп тұр. Полиция қылмыскерлер мен арандатушыларды ұстап, кінәлілерді лайықты жауапқа тарту үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір бірнеше жерде бекет қойылып, көлік қозғалысы бақылауға алынған. Айтуларынша, бүгінгі күнге тонау дерегі тіркелмеген көрінеді. Мамандар бұл жағдайда ең бастысы сабырмен, әрбір фактіні ескере отырып жұмыс істеген жөн деп отыр. Жалпы Масанчи, Ауқатты, Бұлар батыр ауылдарындағы жағдай жіті бақылауда. Жұмыс алгортимі бекітілген. Алдағы жұмыс жоспарымен бөліседі.

Хабар 24 телеарнасы