413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Cosmo Beauty Awards сыйлығының иегерлері анықталды

  • 254
  • UPD: 22:25, 09.02.2020

Алматыда үшінші рет Cosmo Beauty Awards сыйлығының иегерлері белгілі болды. Бір жарым мыңнан астам қонақ өздеріне ұнайтын косметикалық бұйымдарды таңдады.

Оқырмандар 2019 жылдың ең жақсы өнімдерін  Cosmopolitan басылымының сайтында дауыс беру арқылы анықтады. Сән әлемінің кербездері «Cosmo қыздар» нені таңдайды екен? Толығырақ тілші материалында.

Көптен күткен сұлулық кешіне әншілер, блогерлер, косметикалық компанияның басшылары мен өзге де қыз-келіншектер жиналды. Барлығының ойында Cosmo Beauty Awards сыйлығы кімге бұйырады екен деген сұрақ. Екі ай бойы Cosmopolitan журналының оқырмандары үздік опа-далапты, тушь, макияжға арналған заттар мен гаджеттерді таңдады. 370 мыңнан астам нәзік жанды басылымның сайтына кіріп дауыс беріпті.       

Дана Есеева, блогер:

- Бұл өте маңызды байқау. Өйткені әйел азаматтар ең сапалы, үздік тауарды және танымал брендті таңдайды. Өз кезегінде косметикалық компанияларда сапалы өнім шығаруға ұмтылады. 

Қайрат Құдайберген, бизнесмен, блогер:

- Cosmopolitan-нің бұл бастамасы сән әлеміндегі жаңалықтарды қалт жібермей отыратын жандар үшін маңызды. Менің пікірімше елімізде бизнестің бьюти бағытын дамытуымыз керек.  

Байқауда 6 категория бойынша 22 жеңімпаз анықталды. Осы сыйлыққа қол жеткізсек дегендердің саны жыл санап артып келеді. Өйткені бұл іс-шара нағыз халықтық байқауға айналды.  

Әнел Елікбаева, Cosmopolitan Kazakhstan журналының бас редакторы:

- Үш жыл бұрын 6 аталым бойынша 1 миллион дауыс жиналған. Былтыр екі, ал биыл 4 миллион дауыс берілді. Жыл санап байқаудың ауқымы кеңейіп келеді. Яғни бізге сенеді.

Кешке Cosmo-ның бір жарым мыңнан астам досы жиналды. Ал ең белсенді оқырмандарға мынадай бьюти-бокстар сыйға тартылды.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы