423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды

  • 1136
  • UPD: 17:16, 10.02.2020
Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды

 

Ақтаудың оңтүстігіндегі теңіз жағалауы қып-қызыл болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шаһарда мұндай құбылыс жыл сайын байқалады. Қатты дауыл тұрып, теңіз балдырлары жағаға соғылған. Ұрылған өсімдіктердің әсерінен су осындай түске боялды. Оның үстіне қазір балдырлардың тез көбейетін мезгілі. Бастапқы жылдары «теңізге қан төгілген» деп үйрейленген тұрғындар бүгінде бұл көрініске үйренген. Суретке түсіп, табиғат құбылысын тамашалайды. Экологтардың айтуынша, қызыл балдырларда йод көп болады екен. Сондықтан мамандар йод жетіспейтін жандар үшін жағалауда тынығып, таза ауамен тыныстаудың өте пайдалы екенін айтады. Жалпы, әлемдегі қызғылт көлдердің барлығы тұзды болып келеді екен. Олардың түрлі-түсті болуы микроорганизмдердің тұзды сумен әрекеттесуінің нәтижесі.

Раушан Төлепова, облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Біздің Каспий теңізінде балдырлардың 25-тен көп түрі шоғырланған. Ең осындай таяз жерлерде шоғырланған түрлері ол – лауренция, маривезия, полисипония түрлері. Осындай қоңыр, қызылқоңыр, қызыл түстерді береді. Кешелі бері қар жауған соң қардың түсі осындай қызыл түске боялып, бізге халыққа көрініп жатыр.

Осыған дейін көлдердің неліктен қызыл немесе қызғылт түске айналатыны туралы жазған болатынбыз. Мына жерден оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы