447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде «Абай қазынасына саяхат» клубы құрылды

  • 342
  • UPD: 11:07, 10.02.2020

Клубқа ұлы ақын мұрасын сүйіп оқитын 30 қызылордалық мүше болып қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған шараға түрлі этнос өкілдері де белсене қатысуға ниет білдірген.

Абайдың 200 өлеңі мен бір поэмасын, 10 қара сөзін жатқа білетін корей қызы Елена Пак түрлі байқауларда дараланған. Ауылда туып, қалада білім алып жүрген ол, болашақта қазақ тілі маманы болуды қалайды. Ал Абай мұраларына деген қызығушылығы 9-сыныпта басталған екен. Мақсатым – ұлы ақынның өлеңін жатқа айту ғана емес, оның асыл ойын қатарластарым арасында дәріптеу дейді Елена.

Елена Пак, студент:

– Абай өлеңдері негізінде мені терең мағыналы ойларымен, ойға түйерлік даналық сөздерімен қызықтырған болатын. Яғни жүрек, қайрат, ақылды бірдей ұста, сонда толық боласың деген өлеңі де өскен сайын Абай өлеңдерін оқып, тұлға ретінде қалыптасуыңа септігін тигізеді.

Ақын, ғалым, ұстаз бен суретші, жалпы әр саланың, әртүрлі этностардың өкілдері айтулы шараға үлес қосуға ниет білдірген. Қазір клубтың 30 мүшесі бар. Қатарға қосылуға ынта білдіргендердің жас шамасына шектеу жоқ. Тіпті ең жас қатысушылар да кемеңгер тұлғаның туындыларын әлемнің бірнеше тілінде жатқа айтып, жұртшылықты таңырқатты.

Ақын мерейтойын мәнді етуге үлес қосуды көздеген бастама жыл көлемінде дәстүрлі жалғасын табаппақ. Ол үшін арнайы жұмыс-жоспары құрылған.

Шакизат Әбдіраманова, «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі:

– Жоспарда әр ай сайын өткізілетін шараларды белгілеп отырмыз. Ол әрбір айда өткізілетін шараға әр жас шамасына қарай лайықтап тапсырмалар беріледі. Мысалы, бір айда өлең жолдарын оқу, бір айда қара сөзін немесе бір айда белгілі бір қара сөзін талқылау болып табылады.

Ақын шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттап, таным тереңіне бойлау үшін түрлі зияткерлік ойын түріндегі басқосуларды да өткізу жоспарда бар,-дейді ұйымдастырушылар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы