443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Ақсу тұрғындары мәдениет үйі мен ауруханаға жөндеу жүргізуді сұрап отыр

  • 157
  • UPD: 15:11, 10.02.2020
Алматы облысындағы Ақсу тұрғындары мәдениет үйі мен ауруханаға жөндеу жүргізуді сұрап отыр

Жол салынып, мәдениет үйі мен ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Ақсу ауданының тұрғындары осындай мәселелерді көтеріп отыр. Өткен жылы Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай ауыл іші абаттандырылып, көшелер мен саябақтар жөнделген болатын. Жұртшылық осындай ілкімді істер биыл да жалғасын тауып, ауылдарға ауыз су тартылса дейді. Қазіргі таңда аймақтағы 49 елді мекеннің 41 орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалғаны жер астынан шығатын тіршілік нәрін тұтынып отыр. Сонымен қатар көлік қатынасы да қиындау. Өйткені бірнеше ауылды жалғайтын тас жолдың тозығы жеткен. Көпшілік орталық аурухананың да жөнделуін қалайды. 1973 жылы салынған нысан бүгінде ескірген. 

Күлімхан Нүсіпова, аудан тұрғыны:

– Барған сайын көріп жүреміз. Бірде линолиумын жамап жатады, бірде терезелерін жасап жатады, сондықтан Үкімет жөндеу жұмыстарын жасап берсе деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы