423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қақтығыс болған ауылдардағы тыныс-тіршілікті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

  • 446
  • UPD: 17:30, 10.02.2020
Қақтығыс болған ауылдардағы тыныс-тіршілікті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығыс салдарынан 24 мың азамат мемлекеттік шекара асқан.

Кеше кешке және бүгін біразы үйлеріне оралды. Үкіметтік комиссия жетекшісі Бердібек Сапарбаев баспасөзге арналған брифингте осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент тапсырмасы бойынша ауданның 5 елді мекенінде халықпен кездесулер ұйымдастырылды. Ең алдымен жаппай төбелес кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтылды. Ауылдағы тыныс-тіршілікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендердің біразы үйлеріне қайтарылған. Дегенмен, жансақтау бөлімінде жатқандар әлі де бар. Ал қырғызстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер елге оралып, Алматыдағы емдеу мекемесіне жатқызылды. «Бүлінген дүние-мүлік есептеліп, шығын көлемі анықталады», –  деді комиссия жетекшісі.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Көліктер бойынша анықтау жүріп жатыр. Қазір барлығын есептейміз. Шығындарды төлейтін боламыз. Асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек көрсетіледі. Өртенген үйлерді, кәсіпкерлік орындарды қалпына келтіретін жергілікті құрылыс компания болады. Өздері саламын десе, келісімшарт жасаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы