431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК есірткі өндіретін зертхананың әрекетін тоқтатты

  • 173
  • UPD: 17:14, 10.02.2020
ҰҚК есірткі өндіретін зертхананың әрекетін тоқтатты ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» деген тұрғыны ұсталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде шамамен 5 кг синтетикалық есірткі, 1 кг және 260 литрге жуық химиялық қоспа табылып, алынды, олар сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Жүйкеге әсер ететін дайын өнім Интернет-ресурстар арқылы және байланыссыз тәсілмен құпия орынға салу жолымен таратылғаны анықталды.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Соңғы уақытта Алматы қаласына синтетикалық негіздегі есірткіні жасырын дайындау және «қара нарыққа» жеткізу фактілерінің ұлғаюы байқалатынын атап өту қажет.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы