427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер Қордайда зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

  • 474
  • UPD: 17:28, 10.02.2020
Мәжілісмендер Қордайда зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек ақыларын Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы қаулы қабылдады.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге жұмсалады.

Мәжілістің бір топ депутаты қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге Қордай ауданында жұмыс істеуде.

Ақпарат көзі: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы