420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда мемлекеттік қызметші мен тілші арасында сот өтті

  • 506
  • UPD: 21:11, 10.02.2020

Петропавлда балабақшалардың сенімді басқаруға берілуіне байланысты біраз заңсыздықтар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осыған орай прокурорлар облыстық әкімдікке бақылау актісін жолдады. Ал қалалық білім бөлімінің басшысы жергілікті журналистің бірін сотқа берді. Әкімдік өкілі оның әлеуметтік желіде жазған пікіріне наразы.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Петропавлдағы сенімді басқаруға берілген балабақшалар тақырыбының талқыланып жатқанына 1 ай болды. Мәселенің ушыққаны соншалық, сот отырысына әлеуметтік желіде жазылған пікір себеп болды.

Бұл – бұрын-соңды болмаған іс. Әлеуметтік желідегі жазбаға бірінші болып білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанова арызданды. Жауап беруші: аудандық газеттің тілшісі Фархат Тастамбеков.

Анна Лесных, жауап берушінің адвокаты:

– Шағымданушыға азаматтың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі пікірі ұнамай, жеке өзіне қабылдаған. Ол соттан ар-намысына тиген мәліметтің жалған етуін талап етіп отыр.

Соттың алдын ала тыңдалымына Сара Рамазанова қатысқан жоқ. Оның қорғаушысы өзін түсіріп, жазуға рұқсат бермеді. Ал жауап беруші Фархат Тастамбеков қазақша аудармашы сұрады. Осылайша отырыс 18 ақпанға ауыстырылды. Сенімді басқаруға берілген балабақшалар туралы тартыстың тарқайтын түрі жоқ. Оны прокурорлар да тексеріп, заңбұзушылықтар анықтады.

Қайсар Әбішев, қала прокурорының орынбасары:

– Облыс прокуратурасымен өкілетті органдарының атына заң бұзушылықты жою туралы қадағалау актісі енгізілді.

Прокурорлардан кейін мемлекеттік қызмет істері департаментінің тексерісі басталады. Олар білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанованың балабақшаларды иелігіне алған кәсіпкерге қатысы бар-жоғын анықтауы тиіс. «Бұл екеуі бір – біріне жақын адамдар» деген ақпарат бар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы