435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында бір айда 89 адам итке қабылған

  • 180
  • UPD: 21:15, 10.02.2020

Соңғы бір айдың ішінде Қостанай қаласында 89 адамды ит қапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 12-сі бала. Мамандар әсіресе көшедегі қаңғыбас иттердің шабуылы жиілеп кеткендігін айтады. Сондықтан облыс орталығында иесіз ит пен мысықтарды ұстау айлығы жарияланды.

Кезекті шақырылым. Ұйықтатын дәрі қосылған оғымен пневаматикалық мылтық, құрық , басқа да керек жарақтарын алып арнайы бригада жолға шықты.Оқу орынының маңында бірнеше ит өткен-кеткеге үріп, жұртты шошытатын көрінеді.  Қараусыз иттерді құрықпен ұстау оңай емес.Сондықтан пневматикалық мылтықты қолдануға мәжбүр.

Қазір Қостанайда иесіз жануарларды ұстайтын 3 бригада құрылған. Олар күніне 9-10 шақырылымға шығады екен. Тіпті, түнде де жұмыс істейді.

Айдар Бейсенов, қалалық ветеринарлық станция директоры:

– Түнде полициядан тапсырыстар түседі. Мысалы, ауладан шығып кеткен алабай сияқты үлкен иттер көшеде адамдарға қауіп төндіреді.  Тұрғындардан шағым түсіп жатады, иттен қорқып, үйге кіре алмай жүрміз деген. Сол кездерде шұғыл түрде шығамыз.

Өткен жылы мыңға жуық адамды ит қапқан. Бұралқы иттердің шабуылына ұшырағандардың бірі, Қамбар Ержанов. Дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін жігіт ағасына көшеде өтіп бара жатқан төрт ит тосыннан тап берген.

Қамбар Ержанов, қала тұрғыны:

– Содан келді де оң жақтан аяқтан алды. Содан шалбар жыртылды. Содан жігіттер ауруханаға бар деп кеңес берді, 8 рет екпе салды.

Былтыр 3 мың 214 бас ұсталып, ұйықтатып тасталғанымен, қараусыз ит-мысықтың қарасы азаяр емес. Биылғы бір айдың ішінде ғана тұрғындардан 173 тапсырыс келіп түскен. Оның бәрі қағаз жүзінде хаттаулы.

Қайрат Қайулдин, қалалық ветеринария бөлімінің басшысы:

– Биылғы алғанымыз 533 бас, соның ішінде 495 ит, 38-і мысық.

Иесіз жануарларды ату керек пе, әлде асырау керек пе. Осы мәселе төңірегінде қоғам пікірі екіге жарылды. «Қараусыз қалған ит-мысықты күтіп бағатын арнайы орын ашу керек» деген жанашырлар тобы қол жинап, қала әкіміне петиция дайындап жатыр. Ал оның қалай шешілері әзірге беймәлім.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы