375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

  • 157
  • UPD: 23:41, 10.02.2020

27 желтоқсан күні Алматы қаласы маңында құлаған ұшақ апатының дауы әлі аяқталар емес, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді. Үй иесі Решет Қалибекке заңсыз жер алып, үй салды деген айып тағып отыр. 

Решет Қалибек, Алматы облысының тұрғыны:

– Мен ол жерді 2014 жылы Өмірғазиева Гүлнәр есімді азаматтан сатып алдым. Ортада делдал болды. Ерсін есімді. Ол жердің барлық құжаттары заңды болды, басыма аударылды, цонға барып менің атыма тіркеді. Мен сол кезде сол адамдардан сұрадым.Үй салуға бола ма мына жерге? Үй салуға арналған жер ма дегенде, олардың жауабы: бұл әкімшіліктің жері, үй салуға болады, үйіңізді сала беріңіз деген жауап айтты.

Сол 2014 жылдан бері маған біреу келіп сен заңсыз үй салып алдың деп айтқан емес. Одан кейін көршілерімде  үйлерін салып кіре бастады.  2019 жылдың басында Гүлдала ауылдық әкімшілігіне барып су мен жарық мәселесі бойыншада әңгіме болған дейді Решет Қалибек. Ұшақ апатынан кейін Талғар ауданының әкімі үйдің құрылысын қалпына келтіріп береміз деп уәде берген екен, аудан әкімшілігіне де бас сұқтық.

Жанкелді Өмірәлиев, Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Бұл жағдай бойынша қазір коммиссия жұмыс істеп жатыр. Сол коммиссияның шешіміне байланысты жаңағы қорытындылар шығады. Ал ол кісінің жерге құжаты бар менің білуімше. Бірақ құрылысқа бізге келіп ешқандай құжат өткізбеген.

«Арнайы коммиссия өтемақы төленуі тиіс деген шешім шығарса, біздер барлық шығындарды өтеп береміз», – дейді әкімшілік қызметкері. Ал Решет Қалибекті сотқа берген «Бэк Эйр» компаниясының басшыларымен тілдесу мүмкін болмады. Сот 21 ақпанға белгіленген. «Егер «Бэк Эйр» басшылары мені айыпты деп таныса, маған жерді берген оған қол қойған азаматтарды неге жауапқа тартпайды», –дейді Решет Қалибек.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы