377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде аутизмге шалдыққан бөбектерге балабақша ашылды

  • 51
  • UPD: 12:28, 11.02.2020
Өскеменде аутизмге шалдыққан бөбектерге балабақша ашылды

Аутизм дертіне шалдыққан адамға медициналық ем-доммен қоса  психологиялық жаттығулар  үздіксіз көрсетілуі керек. 

Сонда ғана нәтиже болады. Өскеменде аутизмге шалдыққан балаларға арналған мектепке дейінгі мекеме мамандары осылай дейді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ашылған орталықта бүгінде 50-ге жуық бала бар. Оларға 23 маман қызмет көрсетеді. Ең негізгісі әрбір бүлдіршін  науқас дәрежесіне  қарай  психологиялық және коррекциялық жаттығулардың   бірнеше түрінен кезең-кезеңмен өтеді. Дефектологтарға АҚШ, Польша және Ресейдің осы саладғы білікті мамандары келіп үнемі тәжірибесімен бөлісіп тұрады.  Арнайы балабақшаны  өз қаржатына ашқан өскемендік кәсіпкер  болашақта үлкейтуді ойлап отыр.  Өйткені аймақта тек  аутизмге шалдыққан балаларға  жүйелі  қызмет көрсететін мұндай мекеме жоқ.  Ал орталықтың жұмысы ата-аналарадың көңілінен шығып отыр.

Гүлзрихан Сахитова, қала тұрғыны:

- Балам не отыра алмайтын. Секіріп жүргені. Тыңдамайтын. Қазір өте жақсы болып қалды. 5-6 келдік. Өте көп балалар ауылда, үйде отыр, бәрі. Сондықтан көбрек жасаса ауылда, осында қалада жақсы болар еді. 

Лилия Мамбурова,  кәсіпкер:

- Мұндай орталық аутизмге шалдыққан баласы бар отбасылар өте үлкен қолдау. Екіншіден баланың дертінен сауығып басқа он екі мүшесі сау бүлдіршіндердің қатарына қосылуы үшін біздің мамандар бар күшін салады. Ол үшін ата-аналармен де бірге жұмыс істейміз. Өйткені бұл төзім мен табандылықты  талап ететін корекциялық методиканың ең жетілген түрі.

Хабар 24 телеарнасы