375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда көшелеріне тайғаққа қарсы қоспалар себіледі

  • 193
  • UPD: 09:25, 11.02.2020
Елорда көшелеріне тайғаққа қарсы қоспалар себіледі

11 ақпан күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1426 техника бірлігі мен 1696 жол жұмысшылары тартылды.

Ең алдымен қала көшелері, аулалар қардан тазалануда. Сондай-ақ тротуарларға, жаяу жүргіншілердің жолына арнайы тайғаққа қарсы қоспалар себіледі.

10-нан 11 ақпанға қараған түні  қар тазалау жұмыстарына 1364 техника бірлігі мен 158 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 30491 текше метр қар шығарылды (2541 рейс). Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 3408260 текше метр қар шығарылды (279094 рейс).

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы