443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы мәдениет үйі мен ауруханаға күрделі жөндеу қажет

  • 174
  • UPD: 12:46, 11.02.2020
Алматы облысындағы мәдениет үйі мен ауруханаға күрделі жөндеу қажет

Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғындары жол сапасын сынға алып, мәдениет үйі мен ауруханаға күрделі жөндеу қажет деп отыр. Әкімнің есептік жиынына келгендердің қатарында баспанаға мұқтаж жандар да бар.

Әлима Жұмаділдаеваның баспана кезегіне тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Екі баласымен пәтер жағалап жүрген жалғыз басты ана қоғамдық қабылдауға келді.    

Әлима Жұмаділдаева, аудан тұрғыны:

- Үй кезегіне тұрғаныма  8 жыл болды. Соңғы үш жылда кезегім жылжымады. 86 шы болып тұрғам әлі сондай. Өз балаларымды өсіріп жеткізу үшін пәтер керек. 

Жиында көтерілген тағы бір мәселе тас жолдың сапасына қатысты болды. Қазір аудан орталығымен өтетін Алматы-Өскемен автомагистралі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ал ауыларалық жолдардың жағдайы көңіл көншітпейді дейді тұрғындар.  

Есенбай Құсанбаев, аудан тұрғыны:

- Осы жерден Б. Сырттановқа дейін 38 шақырым, ал одан ары қарай 18 км. Қопаға дейін. Жол қатынасы қиын. Қазіргі көктем кезінде вообще қиын. Жүре алмайды. Қыста әйтеуір қар жауып тегістеліп қалатыны болмаса халыққа қатынасы қиын болып кетті. Осы мәселе көтерілген алдында. Жасаймыз деген жасамай жатыр ғой.

Өткен жылы ауданда ақын Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы тойланған болатын. Осыған орай ауыл іші абаттандырылып, көшелер мен саябақтар жөнделді. Жұртшылық осындай ілкімді істердің жалғасы ретінде аудандық аурухананың жасалуын қалайды. Өйткені 1973 жылы салынған ғимарат күні бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмеген. 

Күлімхан Нүсіпова, аудан тұрғыны:

- Барған сайын көріп жүреміз. Бірде линолиумын жамап жатады, бірде терезелерін жасап жатады,  сондықтан енді өкімет ремонт жасап берсе, ремонттың өзі заманауи қалыпта жасалса деп ойлаймыз.

Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:

- Больница бойынша ПСД жатыр. ПСД бойынша Амандық Ғаббасұлы тапсырма берді. Біз экспертизадан шыққаннан кейін біз ұсыныс береміз. 

Баспана кезегінде тұрғандар үшін биыл 50 пәтерлік тұрғын үй бой көтереді. Сонымен қатар үш мектепті салу үшін жобалау сметалық құжаттары жасалмақ. Екі ауылдың құбыры ауыстырылып, тұрғындар  таза су тұтынатын болады.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы