409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Успен ауданында дәрігерлер тапшы

  • 370
  • UPD: 11:36, 11.02.2020
Успен ауданында дәрігерлер тапшы

Ауданға лор, хирург, гинеколог және психиатр дәрігерлер қажет, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету әлеуметтік саланы дамытудың аса маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта маман тапшылығын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр. 2020 жылы ауылға келген мамандар үшін тұрғын үй салу жоспарланған. Успен, Галицкое, Қоңыр Өзек ауылдарында тұрғын үйлер салынады», - деді аудан әкімі Николай Дычко.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы ауданда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіш 6,4 пайызға, гипертониялық ауру 22,9 пайызға төмендеген. Сондай-ақ жазатайым оқиғалардан өлім көрсеткіші 14,3 пайызға азайған. Ал ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

«Десе де, туберкулез ауруының өсуі байқалады және жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қорытындысы бойынша екі есеге артты. Сондықтан аудан тұрғындары үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейін жақсарту мақсатында 2020 жылы Успен орталық аудандық ауруханасының ғимаратына 156 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Николай Дычко.

Сондай-ақ Галицкое ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториясына 37,4 миллион теңге қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетерлігі, Успен ауданында 2009 жылдан бастап «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. 2019 жылы 44 маманға 9 миллион теңгеден астам көтерме жәрдемақы берілсе, 22 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 75,3 млн теңге бюджеттік несие берілген. Бағдарлама аясында 200-ден астам адам өз отбасыларын құрып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ветеринария салаларында табысты жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы