375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында діни ағым өкілдеріне қатысты 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды

  • 72
  • UPD: 13:10, 11.02.2020
Ақтөбе облысында діни ағым өкілдеріне қатысты 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды neonomad.kz

Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаруды әкету, заңсыз сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру және басқа да ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күреспен қатар ішкі істер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл теріс құбылыстар құқық қорғау органдары тарапынан уақтылы шаралар қабылдауды талап етеді.

Бүгінгі күні осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға басты назар аударылды.

Айта кету керек, адамдар өзінің шынайы пайдакүнемдік және қылмыстық ниетін білдіру мақсатында дінді жамылады. Полиция департаменті тұрақты негізде өңірдегі діни ахуалға жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіп отырады. Мысалы, 2019 жылы 27 шілдеде Ақтөбе қаласында жағажайда кісі өлімі орын алды.  Аңшы мылтығының кесіндісінен өз танысына оқ атқан. Әкімшілік жауапкершілікке 511 адам тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, діни әдебиетті заңмен белгіленбеген жерлерде заңсыз тарату фактілерін анықтау іс-шаралары жалғастырылды. 

Сонымен қатар заңсыз медициналық қызметті жүзеге асырудың және дінді жамылған емшіліктің 1 фактісі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы