429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Масанчидегі оқиғаға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды

  • 513
  • UPD: 13:35, 11.02.2020
Масанчидегі оқиғаға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды

Қордай ауданындағы қақтығысқа қатысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігіне қарасты Тергеу департаментінің бастығы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қылмыстық істердің алтауы бұзақылықпен, үшеуі бөтеннің мүлкін зақымдаумен, ал 10-ы адам өлтірумен байланысты. Сондай-ақ ол қақтығысқа қатысқан бірнеше адамның қамауға алынғанын растады.   

Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы:

- Қазір ведомствоаралық тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қамауға алынғандар бар. Алайда олар туралы ақпарат жария етуге жатпайды. Қайталаймын ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар жасалды. Жүргізіліп жатқан сот-медицицналық және сот-криминалистикалық сараптамалар өте көп. 

Хабар 24 телеарнасы