427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордай ауданындағы көшелер қоқыстан тазартылып жатыр

  • 541
  • UPD: 15:26, 11.02.2020

Қордай ауданында төтенше жағдай болған елді мекендер күл-қоқыстан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға Тұрар Рысқұлов, Шу, Меркі аудандарынан қосымша техникалармен жұмысшылар тартылды. Қазір үш ауылдың көшелерінде 40-тан астам техника мен 130-ға жуық адам жұмылдырылып отыр.

Айта кету керек, жанжал кезінде жалпы саны 36 тұрғын үй өртеніп, 11 кәсіпкерлік нысандары және 44 автокөлік жанып кеткен еді. Бүгінгі күнге дейін 100 тоннаға жуық қирандылар мен қоқыстар сыртқа шығарылып, тазартылған. Алайда кейбір нысандар мен тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс түртілмеген күйі жатыр. Бұл арнайы комиссияның шығындарды есептеп, нақты көлемін анықтау үшін қажет. 

Еркін Сарыбағыш, Қордай аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Масанчи ауылының көшелерін бір аралап шығамыз. Күл-қоқыстарын тазалап. Түстен кейін екінші рет айналып, тазалау жұмыстары жалғасады. Осы аптаның аяғына дейін аяқтау жоспарда. Әрі қарай жұмыс алгоритм бойынша жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы