413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы маникюрші балаға қаржылық қолдау көрсетушілер көбейді

  • 248
  • UPD: 15:55, 11.02.2020
Павлодар облысындағы маникюрші балаға қаржылық қолдау көрсетушілер көбейді

Әлеуметтік желілерде екібастұздық оқушы Арулат Мұхаметқалидың танымалдылығы арта түскен.  Бар жоғы 12 жастағы жеткіншек тырнақ әрлеумен кәсіби түрде айналысады.

Ал тапқан табысын мүмкіндігі шектеулі бауырының еміне жұмсайды. Алты жасар Бекарыс осыдан төрт жыл бұрын абайсызда 3-қабаттан құлап кеткен екен. Жаны аман қалғанымен мүгедек болып қалған. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын біздің арнадан Арулат Мұхаметқали туралы бейнематериал шыққан болатын. Сол күннен бастап қайырымды жандар  жан-жақтан хабарласып, жеке шоттарына қаржы аударып жатыр.

Қазақстаннан ғана емес, көрші Ресейден де қоңырау шалып, көмек көрсетуге ниет білдіріп жатқандар бар екен. Бүгінгі таңда 1 миллион 846 мың теңге жиналыпты. Отбасы бұған дейін алты жасар Бекарысты өз күштерімен емдетіп келгенін айта кеткен жөн. Бір емдеу курсынан өткізуге шамамен 250 мың теңге кетеді екен.

Хабар 24 телеарнасы