427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылады

  • 804
  • UPD: 17:45, 11.02.2020
Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылады

Қордай ауданындағы оқиғада зардап шеккен Төлеген Құдашпаевты ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Кеше біз көпбейінді клиникалық ауруханада жатқан науқастың жағдайын білдік. Ол – қарт кісі. Ақсақалға ота сәтті жасалды. Бүгін ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Біз оны ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз», - деді Камалжан Надыров.

Еске салайық, 5 ақпан күні Қордай ауданында ақсақал мен оның ұлдарын соққыға жыққан. Төлеген Құдашпаевты жамбасына ота жасау үшін Алматыға санавиациямен жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы