427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қай облыстарға су тасқыны қаупі төніп тұр

  • 699
  • UPD: 19:49, 11.02.2020
Қай облыстарға су тасқыны қаупі төніп тұр

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ведомоствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол жиында да көктемгі тасқынның алдын алу жайы қаралды. Арнайы жол картасы жүзеге асқан үш жылдың орайында су басу қаупі бар 1000-нан астам елді мекеннің 724-інде бөгет салу, гидроқұрылғыларды жөндеу, өзен арналарын бекіту, арнасын кеңейту сияқты жұмыстар жүргізілген екен. Роман Скляр осы істің қарқыны бір сәтке де бәсеңдемеуі керек деді. Сосын жұмысын шала атқарған шенеуніктер жауапқа тартылатындығын ескертіп, елді мекендерді жиналған қардан тазалау, тұрғын үйлердің маңындағы және шатырлардағы қарды шығаруға бар күшті жұмылдыру қажеттігін ескертті. Жалпы су тасқыны бола қалған жағдайда жедел әрекет етуге 2 мыңға жуық техника мен 9 мың адамнан құралған бригада дайын тұр.

Нұржан Жақатаев, ІІМ ТЖК басқармасының бас маманы:

– 6000-нан астам гидротехникалық құрылғылардың 400-ден астамы қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Елімізде су тасқыны қаупі бар өңірлер – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, СҚО, ШҚО, Қарағанды, Павлодар облыстары. Және де биылғы таңда қардың нормасынан көп түсуі және көктемнің ерте келуіне байланысты су басу қаупі тұр, бірақ алдын алу шаралары жасалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы