376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жас волонтерлер қарияларды қуантты

  • 83
Елордалық жас волонтерлер қарияларды қуантты

Жас волонтерлер елорданың Көктал ауданындағы қарттар үйіне барып, қарияларды қуантты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нөмірі 79 мектеп лицейдің бастауыш сынып оқушылары егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі жандарға шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Ақ дастархан жайып, арнайы сыйлықтарын тарту етті. Ұйымдастырушылар «Жақсылық жаса» жобасы еріктілер жылында жас волонтерлерді тәрбиелеуге оң септігін тигізеді деген сенімде.

Айта кеткен жөн, Қарттар мен мүгедектерге арналған бұл медициналық-әлеуметтік мекемені қазір үш жүзге жуық қария мекендейді.

Еске салайық, мектеп ұжымы жыл сайын өзге де қайырымдылық шараларға ұдайы қатысып отырады.

Александр Швецов, волонтер:

– Балалардың дамуы үшін оларға әлемдегі бар мүмкіндікті беру керек. Осы іс-шараға қатысып жатқан оқушылардың бірқатары мүмкін өмірден өз орнын тауып қалар деген үміттеміз. Өйткені әр бала өзін тек кәсіби жағынан емес, бірінші кезекте адамгершілік жағынан дамыта білу керек. Балалардың жастайынан волонтерлік сипаттағы шараларға жақын болып өсуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы