432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе мектептерінің асханаларынан ішек таяқшасы табылды

  • 222
  • UPD: 23:32, 11.02.2020
Ақтөбе мектептерінің асханаларынан ішек таяқшасы табылды

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар өңірдегі 166 білім беру мекемесінің асханасынан сынама алып, бірқатар кемшілікті анықтаған. Асханаларда желдету жүйелері де дұрыс жұмыс істемейді. Тіпті кей мектептерде тағам бекітілген ас мәзіріне сай әзірленбеген. Ондаған тамақ өнімінен ішек таяқшасының бактериялары табылды. 

Гүлбану Дәулетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты адамдарға миллионнан астам айыппұл салынды. 44 ұйғарым беріліп, оның қазіргі таңда 41-ң орындалып, үшеуі бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы