377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда шетелден әкелінген бес автокөлік уақытша тіркеуге алынды

  • 57
  • UPD: 07:58, 12.02.2020
Қостанайда шетелден әкелінген бес автокөлік уақытша тіркеуге алынды

Қостанайда ақпан айынан бері ресейлік және армениялық бес автокөлік уақытша тіркеу нөмірін алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген темір тұлпарларды заңдастырушылар үшін утилизациялық алым шығыны қымбат болып тұр. Мысалы, облыс орталығының тұрғыны 12 жыл бұрын шығарылған көлік үшін бір миллион 325 мың теңге төлепті. Ал қалған жағдайда бұл сома қозғалтқыштың көлеміне байланысты есептеледі. Әзірге, жұрт мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеудің жай-жапсарын білу үшін ағылып жатыр. Осы күнге дейін 300-ге жуық  тұрғынға кеңес берілді. 

Андрей Григоревский, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Бізге хабарласқандардың бесеуінің көлігін уақытша тіркеуден өткіздік. Техникалық паспорт пен жаңа нөмір бердік. Осыған дейін төртеуі ресейлік, қалған біреуі армениялық нөмірмен жүрген. Қостанай облысы аумағында Армения елінен әкелінген 731 автокөлік бар.

 

Хабар 24 телеарнасы