437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде учаскелік инспекторлар оқушылармен кездесті

  • 228
  • UPD: 12:57, 12.02.2020
Ақтөбеде учаскелік инспекторлар оқушылармен кездесті

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының саны азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан балалардың да зардап шегуі көбейген. Тек былтырдың өзінде көлік апатынан 14 бала қаза тауып, тағы 182-сі жарақат алған. Осы ретте учаскелік инспекторлар мектеп оқушылары арасында алдын алу шарасын жүргізуді күшейтті. Қаладағы барлық білім беру ұйымдарында жол ережесін сақтау, көшені кесіп өту тәртібі түсіндірілді. Жол патрульдік батальон қызметкерлері қоғамдық көлікпен қозғалу барысында да мейлінше абай болуларын ескертті.

Орынгүл Төлеуова, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор:

– Ауа райының жағдайына байланысты. Яғни, қазіргі уақытта қыс мезгілі. Көбінесе жол тайғақ болғандықтан. Содан кейін 70 пайызы түңгі уақыттарда болып жатады. Себебі, оқушылардың сыртқы киімдерінде жарық шағылыстыратын элементтер көбінесе болмай қалып жатады. Сондықтан көліктің жүргізушісі көбінесе кәмелетке толмағандарды байқамай қалып жатады. 

Хабар 24 телеарнасы